Өлең, жыр, ақындар

Қарағым

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 498
(немерем Досанға)

Қандай еді!.. көркің көз тоймас,
Отыз бес жыл күткен қарағым!
Сағыныш тұнған денеме,
Сезім боп тәтті тарадың.
Айналдым сенің түріңнен,
Сармайдай еріп барамын.
Он төрт жыл бұрын түс көріп,
Батырға Досан баладым.
Есейген мынау шағымда,
Жапырақ болып жалғандың.
Тыштырмай алып түбектен,
Баладай бөбек алдандым.
Байлығым, асыл, барым сен,
Сыйлаған маған Алламның.
Қолыма сені алғанда,
Түсіндім мәнін жалғанның.
Ерніңді бүрсең шошайтып,
Еріксіз денем жиырылды.
Жыласаң, "іңгә", бір сезім,
"Тұрсаңшы, тұр" деп бұйырды.
Арқаңда сенің лап етер,
Ашудан атаң тыйылды.
Өзінде білмей өтерсің,
Сыйлаған маған сыйыңды.
Не ғажап, қарап жүзіңе,
Шаттана, шалқып күлемін.
Кеудеме сыймай тулайды,
Қартайған, сөнген жүрегім.
Сезе гөр мынау тірлікте,
Екенін өзің тірегім.
Еліңді сүйер ер бол деп,
Тәңірден тілек тіледім!
Еліңді сүйер ер бол деп,
Тәңірден тілек тіледім!

Ақтау. 18.05.2004 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

О, Тәңірім! Тағдырыма ырзамын,
Егіп бердің жүрегіме жыр назын.
Тілдеседі табиғатпен жан-тәнім,
Жеті мүшем сезіп тірлік ырғағын.

Толық

Құрманғазы күйлері

  • 0
  • 0

Өн бойыңа бал әуен таратылып,
Лаулап, cөніп бал cезім — жаңа, тұнып,
Көрінгенде табиғат анаңдай боп,
Өзің қайта туғандай жаратылып —

Толық

Жалғанда ауыр немене (терме)

  • 0
  • 0

Жалғанда ауыр немене? –
Әкенің салқын назары.
Көз тоймас асыл немене? –
Ананың жарқын ажары.

Толық

Қарап көріңіз