Өлең, жыр, ақындар

Каспий толқындары

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2713
Ойыны ма –толқындардың жарысқан,
Ерегес пе – мен де сенен қалыспан.
Табанына тапталмауға басқаның
Соңғы дем бе, қорқыныштан жан ұшқан?
Асау толқын шалқарыңа сен симай –
Қайда асықтың, неге сонша жан қинай?
Пешенеңе әуел баста жазылған
Соңғы сапар, соңғы жол ма, сан шимай?
Көзсіз батыр, жал-жал ғажап толқынның
Жан шошытар қорқынышты жойқынның –
Жекпе-жегі аяқталды жартаспен,
Бір зар менен, дыбысы екен ол кімнің?
Соңғы демі толқындардың бір дыбыс,
Ұлы дыбыс – теңіз зары, күрсініс.
Жағасында отырамын жалықпай
Атырауым алғанынша бір тыныс.
Бұлт тарқады, дауыл кенет тиылды,
Етек-жеңі толқындардың жиылды.
Моп-момақан, жатыр міне көк теңіз,
Жүрек сезіп тұр ғой сенің сыйыңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өшпеген із

  • 0
  • 0

Ертеде, ерте, ерте кез,
Ешкінің жүні бөрте кез.
Алыптар әлі болған кез,
Сол заманнан қалған сөз.

Толық

Әженің құрақ көрпесі

  • 0
  • 0

Құрақ көрпе қандай әсем, қарашы,
Ағын, көгiн, қызыл, сары, қарасын.
Бес боуямен алты шаршы құрапты,
Қандай өнер, тауып тұр ғой жарасым…

Толық

Шипа

  • 0
  • 0

Әдетім бар оймен әлем кезетін,
Ой толқыннан жер тынысын сезетін.
Ел ұйқыда, сен қамқор боп отырсаң,
Тыныштығын, рахатын сезе түн.

Толық

Қарап көріңіз