Өлең, жыр, ақындар

Халық әні

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 632
Ән тыңдап неге жылайды?
Сезбейдi-ау аққан көз жасын.
Тағдырға налып, мұңайды,
Тұлпардан тайлар озғасын?
Батады бiреу тереңге,
Тарта ма ойдың жетегi?
Меңiреу… өзi керең бе?
Өмiрден сол кез шет едi.
Қалғандар кiлең қаталап,
Мейiрiн әнмен қандырар.
Соғылған кезде шапалақ,
Сатыры естен тандырар.
Атаның әнiн тыңдашы,
Жайлылау жанға өзгеден.
Атаның әнi – үн басы,
Керемет, шiркiн, сөз деген.
Әндерде сиқыр сыр бар ма,
Болмысың жұмсап, елтидi,
Қапаста қалған сырларға
Ашылып сандық, жел тидi.
…Тән тозсын, әнiң тозбасын,
Әнменен баста жол басын.
Шерлердi қатқан қозғасын,
Шоқ болып жiгер қоздасын…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уайым және тәубе

  • 0
  • 0

Қинадың-ау, Уайым, құтылмасым,
Тойынбай-ақ қойдың-ау "жұтыр" басым.
Елің мынау, дейсің ғой, қолын жайған,
Оңбай тағы мезгілден ұтылғасын.

Толық

Қазақтың дарындары

  • 0
  • 0

Күйінің таңқалдырып сарындары,
Үн кернеп далам жатыр жарылғалы.
Қазақты ұлы көште ұлы етер,
Ғажайып, туа біткен дарындары.

Толық

Қара дауыл

  • 0
  • 0

Жеткенде қара дауыл азынаған
Шошыды үрейлі күй сазына жан.
Суық жел - мың найзалы, бет күйдірер,
Тәңірге болды қандай жазығы адам?

Толық

Қарап көріңіз