Өлең, жыр, ақындар

Уайым және тәубе

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 440
Қинадың-ау, Уайым, құтылмасым,
Тойынбай-ақ қойдың-ау "жұтыр" басым.
Елің мынау, дейсің ғой, қолын жайған,
Оңбай тағы мезгілден ұтылғасын.
Тіленгендер — қайыршы, арланар ма?
Түсіп кетіп жүрмесін ар базарға.
Қанағат ет — бас азат, қол бұғаусыз,
Сыны шығар, Алланың, жар боларда.
Сыны шығар, Алланың, жар боларда,
Басы сауда, жігіт те зар болар ма?
Қазтуғанның жоғалтқан бір тоқтысы
Мың болыпты, құралып, бар боларда.
Ерікті елміз, көңілде сол қылаусыз,
Бастайықшы, ағайын, жолды даусыз.
Басқа қашан бақ қонған, мұнша шексіз,
Тәубә, тәубә... ел азат, қол бұғаусыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл таңы

  • 0
  • 0

Аралап ем малды ауылды аз-ақ күн,
Әзіл-оспақ, әдет-ғұрып ғажап тым.
Көбі таңсық, ойлап қалдым мен өзім
Санатында бармын ба деп қазақтың?!

Толық

Жайық бойында

  • 0
  • 0

Бір сарынды сезем жеткен жырақтан,
Елестейді бір көмекей жыр атқан.
өз үйімдей, жайлы мекен, ғажап-ай,
Бір-ақ түнеп, атырсам да бір-ақ таң.

Толық

Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда

  • 0
  • 0

Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда,
Қыста тоңбай, шөлдемей cap тамызда.
Тағдыр, заман, бәрі де сүріндірмек,
Бар ауырды артады арқамызға.

Толық

Қарап көріңіз