Өлең, жыр, ақындар

Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 430
Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда,
Қыста тоңбай, шөлдемей cap тамызда.
Тағдыр, заман, бәрі де сүріндірмек,
Бар ауырды артады арқамызға.
Арыз айтпан, алғанмын қасарысып,
Сонда ғана көктемей жатар ісік.
Ізгілікті eгe алсаң, кетеді екен
Қызғаныш пен күншілдік қатар үсіп.
Бар ауырға ұмтылдым, арқаладым,
Елемедім қанардың орталарын.
Балдай шәрбәт дәміне қызықпадым,
Ұрттап көрдім әдейі, жорта, зәрін.
Мен әуелден жылауық бола алмадым,
Аз сый емес, адамға ол Алланың.
Менің еншім, әкемнен мұра қалған,
Еңбек сүйдім, болғаны сол алғаным.
Сол еңбегім жеткізді арманыма,
Түсірмеді ешкімнің қармағына.
Сол еңбектің арқасы, жарқын жүзбен,
Қарай алам, ұялмай жан жағыма.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түйеқұстар

  • 0
  • 0

Мына тұрған, көз қысып, шарапхана,
Кірме бүған, бауырым, ар аттама.
Айналып от кездейсоқ жолда тұрса,
Өте шықшы қасынан қарап қана.

Толық

Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым

  • 0
  • 0

Бір басымда бірнеше ғажайып бар,
Әр қайсысы ғаламат ғажайыптар.
Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым,
Бірі мақтап, ал бірі, таза айыптар.

Толық

Иоганн Штраус

  • 0
  • 0

Суырылып суыртпақ боп сезімдерім,
Тәнімнің сездім сазбен езілгенін.
"Голубой Дунай" вальсі Штраус —
Қонақ боп қайтқан көкке кезім менің.

Толық

Қарап көріңіз