Өлең, жыр, ақындар

Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 252
Бір басымда бірнеше ғажайып бар,
Әр қайсысы ғаламат ғажайыптар.
Ең бастысы "ой" деген оңдырмасым,
Бірі мақтап, ал бірі, таза айыптар.
Мақұлы бар ішінде, тақылы бар,
Ақын ойын, әрине, ақын ұғар.
Лас сөзді тазартсаң әлек болып,
Таптырмайды-ау, оқушы, "затын" ұғар.
Лас ойды тұндырып сүзіп қара,
Ақ маржанын алсаңшы, үзіп дара.
Адалдаса, шіркін-ай, адам жанын,
Ата қанын, ұрпақтың, сүзіп қана.
Ел етер ем елімді жатырынан,
Сақтар едім мәңгүрттен, пақыр ұлдан.
Бірақ, бірақ сол өзі керек пе екен?
Кіл ақылдың қорқамын ақырынан.

Астана. 23.05.2002 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырласым бол

  • 0
  • 0

Сырласым бол, жарандар, сырласым бол,
Дей көрмеңдер, сырласар құрдасым ба ол...
Жас бол, кәрі, бәрі бір, әйел, еркек —
Сырласпақпын, ой кернеп тұрғасын мол.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Кезі болар адамның сағынатын,
Бірақ арман алыста не ғыласың…
Ауған шақта ниетің аңсарыңа,
Сағыныштың сезесің мағынасын.

Толық

Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза

  • 0
  • 0

Болашақты Жәннәтқа айналдыра,
Алла жолы — һидаәйат, майдан құра,
Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза,
Сонша ғылым жиды екен қайдан, сірә?

Толық

Қарап көріңіз