Өлең, жыр, ақындар

Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 406
Болашақты Жәннәтқа айналдыра,
Алла жолы — һидаәйат, майдан құра,
Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза,
Сонша ғылым жиды екен қайдан, сірә?
Білім қандай, "О" жақтан, "Бұ" жақтан да,
Ізет қандай, ізгіден бүр атқан ба?
Сабыр қандай, сарғаяр сағыныштан,
Шыдам қандай, көз ілмес ұзақ таңға.
Туған екен адамның ұлы болып,
Шақырыпты сапарға бұны жорық.
Бұ күндері жетіпті арман шыңға,
Жаратқанның саналы құлы болып.
Қайда жүрсең мүсәпір жанындасың,
Бағың содан, байқадым, арылмасын.
Жастайыңнан биік жал аға болдың,
Айналайын алдыңнан жарылғасын.

Алматы-Стамбул-Мекке-Медине.
15.10-27.10.2003 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ізі өзің атақты қайқылардың

  • 0
  • 0

Өнерді сен өмірге балап едің,
Өлең-жырға толы еді жан әлемің.
Талапайлап аузыңнан алып кетті,
Ақкүріш-ау, әніңді қалап елің!

Толық

Пілді де біреу піл дейді-ау

  • 0
  • 0

Пілді де біреу піл дейді-ау
Мынау жалған дүниеден
Жаратқанның күшімен,
Құдіреттің ісімен,

Толық

Болашақ

  • 0
  • 0

Ізгілік ойла ерігіп, жалғыз жатқанда,
Кешірім етші орынсыз кінә таққанға.
Тындырған істің байрағын сұрап бұлданбай,
Азамат атан, бой ұрмай жалған мақтанға.

Толық

Қарап көріңіз