Өлең, жыр, ақындар

Жазираға он бес жас

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2115
Аталардың, жарықтық мақалдары –
Дәл жүрекке, дөп тиіп, жатар бәрі.
Ересектік өмірге қадам бастың
Есте болсын осындай қатер бары.
Жаным балам, тыңда енді, саған айтам,
Жеттің міне, он беске, қазақ айтқан.
Сөздің мәнін есті адам түсінеді,
Жүрісіңнен жоқ екен сағым қайтқан.
Қарасы да, көзімнің ағы да өзің,
Жасық болсам, жан балам, сынар кезім.
Тән жарасы жазылар, жазылмаса
Тәуекелді табармын, шыдам, төзім.
Кезі еді әкеңнің тау құлатар,
Ойран етер ордасын, жау жылатар.
Кім ойлаған дертті боп осы жаста
Қайғы менен көзіңді жаудыратар…
Құтты болсын, ақ ботам, арман жасың,
Осы күннен жаңа өмір жалғар басын.
Осы күннен Кісілік даңғылы да,
Өз ойыңмен биікке самғар жасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн иісі

  • 0
  • 0

Бүгін бұл жақта (Семейде) сақылдаған сары аяз.
Маңғыстау шілдесін де сағынады екен-ау, адам деген.
Шыжыған күн. Жер кеткендей жұмсарып,
Ыссы тозаң, ауа күл боп, ұнталып.

Толық

Әйелдер

  • 0
  • 0

Өзіңе балап, әлемді ерлер ұмытқан,
Бөбектер сусап, нәр алған сенен, тұнықтан.
Жаулығың сенің бір үйлі жанға шатыр боп,
Жанарың сенің бір үйлі жанды жылытқан.

Толық

Сыр ашу

  • 0
  • 0

Сыр ашсам ба, жарылып ағымнан мен…
Күйіп-жанбан үзіліп сағынғанмен.
Табиғатым жаратқан тұйықтау ғып,
Ешкім айтпас "туғаннан қағынған ең".

Толық

Қарап көріңіз