Өлең, жыр, ақындар

Әке жауабы

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 678
Жас кезiмде толып тұрды жырға маң,
Ел өмiрiн елестеткен бұрмалаң.
Ендi, мiне, бейне мылқау әкедей
Үн қатпайды, сырын бүгiп тұр далам.
Тыңдап бiрде Досан батыр дастанын,
Шымырқанғам, кекке толып жас жаным.
Қорған болғым келiп кеткен батырға
Шейiт болған қорғап жерiн, аспанын.
Орақ атам жолдас болған Досанмен,
Әкем, анам таң атырды осы әнмен.
Отан сүю сабағындай жастарға
Ерлiктерiн ендi жырға қосам мен.
“Неге, неге?” – болды бiр кез сұрағым,
Кiл сұрақтан мен де ойымды құрадым.
Бiлмедi ме аямасын жауының,
Салды неге азаттықтың ұранын?
Құдiретiн зеңбiректiң, мылтықтың
Неге айтпаған түсiндiрiп жұрт ұқсын.
Сан боздақты өлiмге айдап, өзiн де,
Неге түстi жолына ол қырсықтың?
Тыңда, балам, сөзiн айттың жаттардың,
Жанға бола ар үстiнен аттар кiм!
Жассың әзiр, кешiрейiн, келешек
Сақ бол, балам, ендi естiсем, даттармын.
Күле алмайды қайсар елдi мазақ қып,
Жан қиятын игi жолда азаттық.
Ұл дегендер өлу үшiн туады,
Өз Отанын тазартқанша азат қып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыл өткен сайын

  • 0
  • 0

Жыл өткен сайын сеземін
Алып жүр әжім кезегін.
Дер едім олар әдемі
Торласа бетін әженің

Толық

Отпан тауы

  • 0
  • 0

Отпан тауы — "От Адамның" мекені
Әлімсақта болған екен деседі —
Ғұламалар табиғатпен тілдескен,
Дана шалдар, өтіп кеткен кешегі.

Толық

Арам емес мен үшін, арақ дұшпан

  • 0
  • 0

Сән бітіріп көктемге, дала, гүлді,
Жан бітіріп ақын жан жаза білді.
Бірақ әттең, сол ақын, арақты да,
Жырға қосты мадақтап әзәзілді.

Толық

Қарап көріңіз