Өлең, жыр, ақындар

Арам емес мен үшін, арақ дұшпан

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 406
Сән бітіріп көктемге, дала, гүлді,
Жан бітіріп ақын жан жаза білді.
Бірақ әттең, сол ақын, арақты да,
Жырға қосты мадақтап әзәзілді.
Сол әзәзіл биікті кіші қылған,
О да сол ғой жылпосты кісі қылған.
Ол біреуді залымға айналдырып,
Біреулер бар — ұрттаса іші нұрдан.
Ішіп алып жадырап жайнағаны,
Бала қылып жіберер қаймананы,
Жүре берер кеңейіп тар дүние,
Ащы зәрің тәттіге айналады.
Біреу ішер босына, текке бекер,
Жан-жарын да, жан-жағын өкпелетер.
Сан күнәға батады ойланбайды,
Сол күнәлер өзіңмен Көкке жетер.
Арақ ішер аңқылдап көңілділер,
Бар тапқанын, обал-ай, төгіп жүрер.
Ішіп бірі адамның жарлы болса,
Бірі ішкізіп байлыққа бөгіп жүрер.
Жоламайды біреулер сараңсынып,
Ішпес біреу, әдейі, арамсынып.
Кулар да бар пайдасын ойлап қойған,
Арақтан да өздері арам шығып.
Бұзылады көбіне таланттылар,
Өздерінше өмірін жәннәт қылар.
Аңқаулар-ай, тозақтан бақ іздеген,
Қанша күнге жасанды қанат шыдар.
Ордыратын адамға екпегенін,
Аяқ асты қалатын көктегенін —
Арам емес мен үшін арақ — дұшпан,
Ішкіштерді жауымдай жек көремін.

Астана. 21.05.2002 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман жай

  • 0
  • 0

Арман жай, Сегіз Жұмақ, Көкте екен!
Кешіргің, жазылған жыр текке десең?
Қош болғын ол-Ахрам, Алла үйі,
Тәңірдің нұры жауған — Мекке мекен.

Толық

Қарындасқа хат

  • 0
  • 0

Орындалмай тірлікте бас талабы,
Қорғасын ой тарамай бастан әрі —
Миллионның ішінде жалғызсырап,
Жанарына ағаңның жас толады.

Толық

Тыңда да сөзді сарала

  • 0
  • 0

Тыңда да сөзді сарала,
Кім айтты оған қарама.
Қазақтың кейбір мақалы
Сіңбейді толық санаңа.

Толық

Қарап көріңіз