Өлең, жыр, ақындар

Ауыл жыршысы

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 645
Әлi есiмде, әңгiмешiл кiсi едi,
Тыңдататын, түртiп қалып “е деш” деп.
Өткiр көзi өңменiндi теседi,
Қарағанда саған да ендi кезек кеп.
Перен жыршы, күмiс көмей, ақ таңдай,
Қыртыс-қыртыс, сай-салалы жақ, маңдай.
Жұтқыншағы жұтынбай-ақ бұлтылдап,
Айтқан сөзiн өзi жұтып жатқандай.
Сен жыршының “ей, ейлейтiн” кезiн ұқ,
Көзi аспандап, шалқалақтап, шегiнiп…
Содан кейiн күмiс сөздер көмейден
Ағылатын түйдек-түйдек төгiлiп.
Жыр тыңдайтын ауыл кешке демалып,
Ал жыршымыз көзi қайнар сел анық.
Ащы айқайын жөнелетiн, жарықтық,
Алты қырдың аржағына жел алып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаным таза

  • 0
  • 0

Жаным таза — мақтанышым тірлікте,
Сезім таза — сақтамаймын бір бүкпе.
Жер-Ананы ластамай Ақырға —
Кете алардай бұл өмірді сүрдік пе?

Толық

Ұйқысыз түн

  • 0
  • 0

Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).

Толық

Табиғат – Адам

  • 0
  • 0

Табиғаттың өзі барлық заманда
Ұқсайды да тұрады ылғи адамға.
Түрі-түсі, мінез-құлқы аумайды,
Қысың – ашу, жазың – күлкі содан ба?

Толық

Қарап көріңіз