Өлең, жыр, ақындар

Ұйқысыз түн

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 823
Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).
Күңгірт сәуле жер бетін жаба бастап
Аспан асты мәртебе табады асқақ.
Ана жұлдыз жарқырап ағып өтті,
Өтіп кетті бізден де аға — жас шақ.
Бағы жанып бар аспан жымыңдасқан,
Сағы сынған — жер мен жел мұңын басқан.
Құпияшыл жапырақ күбір-күбір,
Естімейді дей ме екен сыбырды аспан.
Аспан оңып, жер өңі кірген кезде —
Аңталаған тіршілік — өрген түзде.
Таңның нұры өрнектеп табиғатты
Шеберлігін танытар, көрген, Сізге.
Күн мен түні айналып кезек кешіп
Бар табиғат тереді кезек несіп.
Ал пенделер бақ сынар талапайда,
Тірлік мәнін тентек пен өжет шешіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілек

  • 0
  • 0

О, Жаратқан, ризамын сезім берген!
Қандай ғажап, сезіммен көзің көрген!
Тілей алшы жақсылық өзгелерге,
Омақасып жатырған кезінде, Сен!

Толық

Күрес

  • 0
  • 0

Жығылғандар жерден көзін алмайды.
Жеңімпаздар жерге көзін салмайды.
Бақ қонғандар тек биікке самғайды.
Тапталған ар оятады сан қайғы.

Толық

Жылы жауын

  • 0
  • 0

Шақырайып талма түсте күн көзі,
Еркін билеп бар әлемді бір өзі.
Жан-жануар, өрт-лепте, дел-сал боп,
Қысылатын, сая таппай, бар кезі.

Толық

Қарап көріңіз