Өлең, жыр, ақындар

Қорқыныш

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 787
Бiр өлеңдi жазып тастап марқайып,
Көңiл өсiп жатырғанда шалқайып –
Күдiк итiң түрте-түрте оятты,
Қорқыныш қой.. Тұр алдымда талтайып.
Қорқынышым - өлеңiмнiң тағдыры,
Ал өлеңiм – жан мен сезiм сан жыры.
Сол пәленi қағып өтсем аржағы,
Мүмкiн маған күлiм қаққан таң нұры?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір құдірет күтемін

  • 0
  • 0

Қарайламай қимас шақ кете бардың,
Әдеті ғой, өкініш, есебі аздың.
Әпкеңдеймін, міне енді, қапы қалып,
Неше рет жаңылып, неше жаздым.

Толық

Таныстыру

  • 0
  • 0

Жори көрме сырымды өтiрiкке,
(Ерiк бердiм лықсыған көкiректе)
Сезiм тартып бас асау арғымақтай,
Езулесем түсер ме текiрекке?

Толық

Асауға мінші

  • 0
  • 0

Жанымдай сүйдім жылқыны бала кезімнен,
Аялаушы едім көбірек, тіпті, өзімнен.
Күйдіре демін ешқашан зорлай шаппадым,
Болып ем ғашық ерекше ғажап сезіммен.

Толық

Қарап көріңіз