Өлең, жыр, ақындар

Бір құдірет күтемін

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 389
Қарайламай қимас шақ кете бардың,
Әдеті ғой, өкініш, есебі аздың.
Әпкеңдеймін, міне енді, қапы қалып,
Неше рет жаңылып, неше жаздым.
Қабағымды бір зіл бар көтертпейтін,
Көлеңкелеп мінездің кесек кейпін.
Еркімді алар күтемін бір құдірет
Бұғалық сап, бұлқынтпай жетектейтін.
Сол керемет, сеземін, жақын жүрсің,
Байқа деме, естігем, ақыл — құрсын!
Жарқ еткенде нұр сәуле бойды тіліп,
Ұрса-ұрсын, найзағай, ақынды ұрсын!
Жүрек кетсе сол нұрмен арайланып,
Бақыт қонар, тап-таза, сарай жарық!
Жан да рахат сезінсе сол ғажаптан,
Жан-жағыңа сонан соң тарайды анық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыңда да сөзді сарала

  • 0
  • 0

Тыңда да сөзді сарала,
Кім айтты оған қарама.
Қазақтың кейбір мақалы
Сіңбейді толық санаңа.

Толық

Арман жай

  • 0
  • 0

Арман жай, Сегіз Жұмақ, Көкте екен!
Кешіргің, жазылған жыр текке десең?
Қош болғын ол-Ахрам, Алла үйі,
Тәңірдің нұры жауған — Мекке мекен.

Толық

Әке тоны

  • 0
  • 0

Ене-ау, дептi келiнi, түскен жылы
(Ұялады әлi күн айтсаң мұны),
Қыл-қыбырды көбейтiп неге керек
Тастайықшы, ескi зат қайтқан құны.

Толық

Қарап көріңіз