Өлең, жыр, ақындар

Көк байрақ

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 6018
Арғымақ мініп, ту алған бабам,
Үміт үзбеген ұлы армандардан.
Көк туым биік асқақ тұр бүгін,
Арылып шер мен мұнардан далам.
Көк туым жыры Еркіндігімнің,
Қырандай елім серпілді бүгін.
Қолға ұстап туды Отан деп айтқан,
Бұза алмас ешкім сертімнің бірін.
Көк туым – тірек, сүйініш маған,
Туған ел туын сүйіп ұстаған.
Алтын шапақты күннің астында,
Қыраннан басқа биік ұшпаған.
Атқанда азат мөлдіреп таңы,
Уілдер сәби, елжіреп кәрі.
Қастерлі кием, намысы елдің,
Көк туым тұрсын желбіреп мәңгі.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсіз елім

  • 0
  • 0

Сан ғасыр аңсаған бабамыз,
Азаттық күні үшін күрескен.
Тариx боп тіл қатар даламыз,
Өртеңнің орнына гүл өскен.

Толық

Әдептілік үлгісі

  • 0
  • 0

Өнегелі жол ұқсаң,
Әдебіңді дәлелдер.
Жасы үлкенге жолықсаң,
Бірінші боп сәлем бер!

Толық

Мектебім

  • 0
  • 0

Болам деп шәкірт ақылды,
Жаттадық өлең, нақылды.
Алғашқы қоңырау соғылып,
Мектепке күзде шақырды.

Толық

Қарап көріңіз