Өлең, жыр, ақындар

Ана сөзі

  • 27.03.2020
  • 1
  • 1
  • 9228
Дүбірлетіп дауылдай
Долы майдан даласын,
Азат етті әскерлер
Бір белорус қаласын.
Қалаға кірді жас қазақ.
Алғылардың бірі боп.
Алдарынан сол кезде
Әлде қандай шыкты топ:
Қатын-бала, кемпір-шал
Сүрініп құлап, қабынып,
Қарсы алды ерлерді
Сарғайып күткен сағынып,
Алба-жұлба бір кемпір,
Басса да әзер аяғын,
Бойына куат біткендей,
Лақтырып тастап таяғын,
Әлгі қазақ жігітке
Кере ашып құшағын;
«Келші, ұлым, күткенім,
Мейірлене құшайын!» —
Деп құшақтап, солдаттық
Құшырлана бетінен
Сүйді аңсап сағынған
Шын аналық ниетімен.— «
Күткенім, ұлым, жерегім,
Мұнша неге кешіктің?
Қорлық көріп сен жоқта,
Есітпесті есіттім.
Жұрттан шыққан зұлымды
Жібермесін көз жасым!
Тұсау боп оны шырмасын
Өзі жұлған ақ шашым!
Әрбір талы арқан боп
Мойынына байлансын.
Әрбір бұта алдында
Дар ағашқа айналсын.
Құртыңдар жауды, ұланым,
Осы менін, тілегім.
Өзіңнің туған анаңдай
Тілекшің болып жүрейін.
Жолы болсын, қарағым,
Бар, кешікпе, уақыт тар.
Сендерді күтіп отырған
Мыңдаған алда ана бар...»



Пікірлер (1)

Оразгелді

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Поэма фрагменттері

  • 0
  • 0

Январьдың әдеттегі бір кешінде,
Жалынбай жайдақ «бестік» пілтесіне,
Ұшымен бір саусақтың жағылған шам,
Манадан маздап қарап тұр тесіле.

Толық

Сел

  • 0
  • 0

Мың тоғыз жүз жетпіс үш,
Он бесінші июль,
Жексенбі...
Мың тоғыз жүз жетпіс үш,

Толық

Сағындым, жайық

  • 0
  • 4

Сағындым сені, Жайық, алма бақты,
Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.
Сүюші ем төңкерілген толқыныңды.
Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар