Өлең, жыр, ақындар

Көкем-ай

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1676
Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы:
Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.

Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай!
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Қайырмасы:
Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ахау, жалған

  • 0
  • 0

Айт дегенде өлеңді тіл айтады,
Қандай адам тіліме мін айтады-ай.
Өлең айт деп балалар қолқа салса,
Мен айтпасам, өлеңді кім айтады-ай?

Толық

Уа, жеңгелер, жеңгелдер

  • 0
  • 1

Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борндатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Толық

Кідігай (6 нұсқа)

  • 0
  • 0

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . кідік айтам-ай,
Таусылған наурыз айда бидәйім-ай, бидәйім-ай.
Кідік-ай, кідік-ай
Қызық-ай, қызық-ай.

Толық

Қарап көріңіз