Өлең, жыр, ақындар

Күлдарай (Гүлдарай)

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1025
Салғаным оң қолыма алтын жүзік, алтын жүзік,
Аққуым көл дария жүрген жүзіп, Күлдарай.
Қолымнан сен қапыда кеттің ұшып, кеттің ұшып,
Алайда кеткенім жоқ күдер үзіп, Күлдарай.

Қайырмасы:
Күлдарай, гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан.
Не пайда өнері жоқ,
Шіркін, жастан, Күлдарай.

Тоғайдан кесіп алған тал сойылым,
Ылақтай жарға ойнаған қалды ойыным, Күлдарай.
Сұқсыр үйрек секілді, асыл қалқам,
Жүрмісің аман-есен, қаз мойындым, Күлдарай.

Қайырмасы:
Күлдарай, гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан.
Не пайда өнері жоқ,
Шіркін жастан, Күлдарай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кер құнажын

  • 0
  • 0

Бастаған сиыр алдын, кер құнажын,
Бетіме биылдан соң-ай түсер әжім.
Тоятын ақ сұңқардың құзғыны ілсе,
Тағдырдың жазғанына-ай бар ма ылажым.

Толық

Ей, бұлбұл

  • 0
  • 0

Құла кермен аулыңа аяңдайын,
Жүрсек сырын өзіңе баяндайын.
Ұға алмасаң жүректің ләззатын,
Жан сәулем деп айтудан аялдаймын.

Толық

Кел, сұлуым, су алуға

  • 0
  • 0

Қос бұрымың қара бұлақ аққандай,
Қара бұлақ таудан құлап жатқандай.
Аунап түсіп қаз омырау кеудеңе,
Жүргіңді тыңдап, толас тапқандай.

Толық

Қарап көріңіз