Өлең, жыр, ақындар

Қаршыға алып

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 617
Жылқы айдаймын көшкенде, ай, қаршыға алып,
Тал құрығын қолыма, ай, аршып алып.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,

Ей!
Бір тал үкі шекеме шаншып алып, ай.
Ау! А, ай! Ау!
Қаршыға алып, ай.

Жылқы айдаймын көшкенде кер кекілмен,
Ауық-ауық аймалап жел бетімнен.
Шырқата көш-жөнекей ән салғанда,
Қыздың жаны шаттанып тербетілген.

Жылқы айдаймын көшкенде жиренменен,
Жал-құйрығын жаратып түйгенменен.
Кісіге кісі жары жар болмайды,
Құрбысынып, құр ойнап күлгенменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ещан

  • 0
  • 0

Баласы мен Қосақтың Ещан-Қойман,
Туады егіз қозы қоңыр қойдан-ай,
Егіз қозы қоңыр қойдан.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,

Толық

Қаракөз (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Құдай-ау құдыретіңе таң қаламын,
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Ішімді ғашық оты-ай күйдіреді-ау,
Сыртыма шығаруға арланамын-ай.

Толық

Ау, Ғайша

  • 0
  • 0

Айналайын, ау, Ғайша,
Өкпем деймін, өкпем деймін.
Жаман атың естілсе,
Өкпелеймін, ау, Ғайша,

Толық

Қарап көріңіз