Өлең, жыр, ақындар

Сынған терезе

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 769
«Бүлдіріпсің», - деп келіп,
Ренжіді апам да.
Ойнап едім доп теуіп,
Көмектеспей атама.

Қарсы алдына тұрғызып,
Ұрысты ғой, ағам да.
Тентек, сотқар, ең бұзық,
Мен сияқты ғаламда.

Қисық ұшты текке доп,
Болды бүгін айыпты.
Содан ба екен? Өкпелеп,
Бұртиып ол қалыпты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бағбан

  • 0
  • 0

Өсіретін ұл-қызды
Кім жек көрсін сәбізді?
Алма, алмұрт, шиені
Жегенді ел сүйеді.

Толық

Доп туралы жыр

  • 0
  • 0

Асау тайдай тулайды,
«Гол!» - деп бәрі шулайды.
Жалықтырмас добымыз,
Қуып жүрміз оны біз.

Толық

Жүзім

  • 0
  • 0

Қолмен үзіп аламын,
Себетіме саламын.
Жүзім терген кезімде,
Нұр ойнайды көзімде.

Толық

Қарап көріңіз