Өлең, жыр, ақындар

Алшы

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1698
Ақ кимешек басында,
Ақ ниеттi сөзi де.
Аппақ едi шашы да,
Ақ қағаздай өзi де.
Əжем бiзге жекiрiп,
Көрмептi ғой əлiге.
Пияздай боп отырып,
Шертетұғын əңгiме.
Ыңғай маған жақтасып,
Арашаға түседi.
Ұрысса жұртпен даттасып,
Жаны күйiп-пiседi,
Əжем күллi адамды
Мүсiркейтiн жаны ашып.
Кейде сұрап сақамды
Отырады бал ашып.
– Менiң күнiм, жарқыным,
Сүре ме өмiр бақытты?
Өстiп өзi əр күнi
Өткiзедi уақытты.
– Болар ма екен қарағым
Шалқып жатқан дəулеттi.
Алды болып баланың
Абыройлы, əулеттi.
Алшы тұрсаң, асылым
Бақытты өмiр сүредi...
Алшы тұрса асығым,
Нұрланады, күледi.
Шаттанады нұр шашып,
Сəуле ойнайды көзiнде,
«Ыңғай алшы тұрсашы», –
Деп тiлеймiн өзiм де.
Тұрсың ылғи дедiм де
Алшыға əуес болғасын,
Тəйке жағын тестiм де,
Құйып қойдым қорғасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Борыш

  • 0
  • 0

Тыныштықпен атса егер
Аппақ таңдар,
Саған сыйлап сол таңды
Жатқандар бар.

Толық

Сегіз егіз

  • 0
  • 0

Əрiптерде де бiртуған,
Бауырластар, егiз бар..
Олай деуге негiз бар.
Ал, айтайық,

Толық

Қорқақ

  • 0
  • 0

«Тышқан», – деп ек, елеңдеп,
«Қазiр қайтып келем», – деп,
Төкен тұра жөнелдi,
Жұрт күлкiге кенелдi.

Толық

Қарап көріңіз