Өлең, жыр, ақындар

Шатыр

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 792
Темiржол бойы бағана,
Сымында көктем құстары.
Жып-жылы қазiр далада,
Дала да үйдей қыстағы.
Шырақ боп мың-сан гүл жанып,
Лапылдай түсiп жон жатыр.
Жапырақ жайған бүр жарып,
Емендер – жасыл қол шатыр.
Көктемнiң бала жаңбыры
Көшеге шықса жүгiрiп.
Астына емен шатырдың
Қаламыз бiздер тығылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертең ерте

  • 0
  • 0

Таң атқанда арайлап,
Оянады бар аймақ.
Бiр кiрiп те, бiр шығып,
Басталады тiршiлiк.

Толық

Білгішін-ай

  • 0
  • 0

Асанды ерттiм жаныма,
Бауға бiрге барғалы.
Бiледi ол айыра,
«ЗИМ» мен «ЧАЙКА»,

Толық

Тәртіп керек баршаға

  • 0
  • 0

«Бұзба көше тəртiбiн,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсiн əр күнiң,
Жақын болма шатаққа», –

Толық

Қарап көріңіз