Өлең, жыр, ақындар

Тымақ қайда?

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1024
«Сабақ оқып болған соң,
Түсiнгенге, бiлгенге
Тысқа шығып бой жазып,
Не жетсiн бiр жүргенге».
Деп, сасқалақ бiр бала,
Асығыс тез киiндi.
Əр жерге бiр тастаған,
Бiрлеп тауып киiмдi.
Жатыр екен қолғабы,
Текпiшектiң астында.
Iлулi тұр бөкебай
Ыдыс-аяқ қасында.
Тауып кидi пальтосын,
Ауызғы үйден етiгiн.
Iздедi ендi тұмағын
Баса алмай ентiгiн.
Шығып жатыр дал-далы,
Үйдiң iшi, жан-жағы.
Қайда қойған? Бiлмедi.
Қайда едi iлгенi?
Шашып тастау киiмiн
Бiр басының мiнi екен,
Сөйтiп жүрсе, тымағы
Өз басында жүр екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешкі сурет

  • 0
  • 0

Атасы айтты: – Қарғам, – деп.
Жiгiт болып қалған, – деп.
Кем болмайды қайткенде
Əке тiлiн алған, – деп.

Толық

Өзара сын

  • 0
  • 0

Ұзын
Бақай,
Сирақты,
Құрық

Толық

Неге тар?

  • 0
  • 0

Киiп едi Өтеулi,
Былтыр тiккен жейдесiн.
Шолтиып жең, етегi,
Қысып тұрды кеудесiн.

Толық

Қарап көріңіз