Өлең, жыр, ақындар

Өзара сын

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 85
Ұзын
Бақай,
Сирақты,
Құрық
Мойын
Жирафты,
Көрген
Ағаш
Дер едi:
– Бұл
Аңдардың
Терегi...
Сұңғақ,
Жасыл
Желектi,
Көрген
Аңдар
Теректi,
Дептi:
– Биiк
оғаш тым,
Бұл –
Жирафы
Ағаштың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кемпірқосақ

  • 0
  • 0

Жауын жауып өткенде,
Көрсең, шiркiн, жерiмдi.
Қызыл,
Жасыл

Толық

Сомпай деген немене?

  • 0
  • 0

Қайсыларың бiлетiн,
Сомпай деген немене?
Келеке ғып күлетiн
Мағынаға келе ме?

Толық

Айтқаны дұрыс па?

  • 0
  • 0

Төрде отырып қасқиып,
Үлкен жиын бiр тойда.
Əкесiне бас тиiп,
Серiк миға бiр тойған.

Толық

Қарап көріңіз