Өлең, жыр, ақындар

Штангашы

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 512
Жүр көршiнiң баласы:
«Штангашы болам!» – деп,
Ешкiм жоқ-ау, шамасы,
Жаттығатын одан көп.
Жүрген күнде шынығып
Оның құрал-сайманы –
Рельстердiң сынығы,
Доңғалағы арбаның.
Атасының төстiгiн
«Бұл мен үшiн жеңiл!» – деп,
Көтередi бəс тiгiп,
Қатарынан он рет.
«Бұлшық еттi қара!» – деп,
Мытып-мытып көредi.
«Темiрдей ме, қалай?» – деп,
Кеудесiн ол кередi.
Мытып-мытып байқайды,
Барлық бала,
Көршiлер.
Құр бастарын шайқайды,
Iсiн көрiп ерсiлеу.
Өйткенi, əне, бiлегi
Анасының талса да,
Көмiр тасып жүредi,
Қора жақтан қаншама...
Өйткенi, əне, бiлегi
Қарындастың майысып,
Суды тасып жүредi
Қос шелекпен алысып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зерек бала

  • 0
  • 0

Əкесiнiң есiмiн,
Жазып берер,
«Жаз» десең.
Жазар шеше есiмiн,

Толық

Біздің Кеңесіміз

  • 0
  • 0

Күнде-күнде сабақтан,
Кешiгедi бiр досым.
Көрiп мұны сағаттан
Түзелмей-ақ жүр досым.

Толық

Жазу мен жану

  • 0
  • 0

Қарындашқа жолығып,
Шырақ айтты бірде кеп:
– Тұрмын көріп торығып,
Таусылыпсың мүлде, – деп.

Толық

Қарап көріңіз