Өлең, жыр, ақындар

Айбергенов шыңы

Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,
Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің,жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.
Пайымдаймын, мойындаймын,сен данасың, мен - бала,
Ұлтыңа кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.
Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.
Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты
Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен Сен ғана.
Адамдықсыз ақындық жоқ, тырмыссаң да жан сала,
Жомарттықсыз тағы алысқа шабамын деп шаршама,
Батырлығың қанша болса ақындығың соншама.
Тіпті өзіңді сыйдырмаған данқтың тар төріне
Мені бірге ап шыққың кеп арпалыстың қаншама.
Заманының ыңғайына жүрмей кеткен, іңкәрім,
Саһ өнерде қызғанышты білмей еткен, іңкәрім,
Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен, іңкәрім!
Жер астынан сәлем жолдап жатырсың сен күн сайын,
Қазағымның маңдайына сыймай кеткен, сұңқарым.
Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің,
Сондықтан да сенің даңқын, сенің салтың көгерсін.
Сайын далаң жырыңды еске ап күлкісін сәл шегерсін.
Әр жүректе бұлтқа оранған қасиетті бір шың бар,
Ол — ақындық мәрттік шыңы, Айбергенов деген шың...
Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана,
Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала!



Пікірлер (3)

Кеңес

Мұхтар. Шаханов осы дәуірдегі ұлы ақын,елін сүйген,жерін сүйген асыл азамат,Алаштың аяулы ұлы.

Гүлайым

Мұхтар Шахановтың өлеңдерінен рухни ләззат аласың. Ол әділеттіліктің, рухани байлықтың жыршысы. Бұл ағамыздың өлеңдерінен жігер алып, қиналған сәттерімде өзіме сенімім артады.

Сырым Мұхаметжанов Аманжанұлы

Ия Өлеңдерге талас жоқ ғажап, бірақ ң мен н-ды айыра алмайтын адам жазған мына өлеңдерді көшіріп. Қарап, таразылап, тексеріп барып шығарса ғой осындай тұлғалардың өлеңдерін.

Пікір қалдырыңыз

ТЖ-лар

  • 2
  • 6

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.

Толық

Махаббат елі

  • 0
  • 0

Дарқан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан
Өміріме нұрлы көктем болып кірдің, айнам.
Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,
Жүрегімде басталды бір майдан.

Толық

Құрметсіз, шыншыл тұлғалар немесе Түрік қағанатының құлауы

  • 0
  • 0

Отырардан ағып шыққан дариялардың ұлысы,
Құрметпен даңқ төріндегі
Күллі қазақ жеріндегі қариялардың ұлысы,
Үміт-түлкі зып берсе де,

Толық

Қарап көріңіз