Өлең, жыр, ақындар

Қамшы

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2546
Бабалардан жаңғырып,
Бізге жеткен бар ғұрып.
Ұстамапты қамшыны,
Сабау үшін малды ұрып.

Тобылғыдан сапталған,
Күміспенен апталған.
Қайыс өрім қамшының,
Кім бар сырын ақтарған?

Найзағайға әйгілі,
Деп білеміз сай мұны.
Қамшыда бар халқымның,
Аласармас айбыны.

Қаһарымен қамшының,
Жауымды да жаншыдым.
Намысымды қорғадым,
Арымды да аршыдым.

Аққанда қан тамшылап,
Тұра алмапты жан шыдап.
Ез жігітті қайрапты,
Ар-намысын қамшылап.

Күнәсі ауыр болса да,
Жүгінбей-ақ «қолқаға».
Талай дауды шешіпті,
«Қамшы тастап» ортаға.

Баба жолы – көшке ерген,
Қаншама ұрпақ өсті елден.
Керегеге ілінген,
Қамшыны сес көрген.

Дүбір шықса іргеден,
Болады ғой кім де елең.
Түскен үйге жолаушы,
Қамшы ұстап кірмеген.

Қасиеті – жауға айқын,
Әділеттен аумайтын.
Хабарды да жеткізген,
Адам тілі бармайтын.

Шығарма сен ойыңнан,
Есте сақтап қой, ұлан!
Жынды қуған бұл қамшы,
Дертті жанның бойынан.

Білмесе егер мұны кім,
Лайлайды тұнығын.
Ендеше, оқып, тоқып ал,
Қазақ-Қамшы – бір ұғым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Атасының ақылы

  • 0
  • 0

Басқалар да байқасын –
Өсті десем Өркенім…
Ауырлығын айтасың,
Арқаңдағы сөмкенің.

Толық

Қарашадағы қаралы өлең

  • 0
  • 0

Ол жылы мен не бары он үште едім,
Мені құшып ағайын, көрісті елім.
Әкем кетті аттанып арамыздан,
Ішіне тұншықтырып соғыс шерін.

Толық

Біздің ауылдың жазғы кеші

  • 0
  • 0

Сәл ертерек намазшам уақыттан,
Құба белден табынды құлатып, паң...
Есек мінген Байнияз қартпен бірге,
Өрістен мал қайтады шұбатып шаң.

Толық

Қарап көріңіз