Өлең, жыр, ақындар

Ауадан, гүлден

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2100
Ауадан, гүлден,
күн менен түннен,
Білмеймін, неге қызғанам?
Желменен ұшқан жапырақтан да,
Селк етіп, жаным сыздаған.
Күлкімнің өзі күмілжіп барып,
ғайып болғанда, көзімнен,
Осынау дауыл, алапат күйдің,
Баянын таппай,безінем.

Есімің сенің айтылған мезет,
Күбірлеп өзге еріннен.
Шабытым көзсіз шарқ ұрған мезет,
Қызғанып кетем сені мен.
Сүюдің мұнша азабы барын,
Қалайша бұрын ұқпағам?
Ғаламға іңкәр,
Ғажайып едім,
Өзімді қалай құтқарам?

Жап-жарық менің әлемім кейде,
үздіксе ессіз ғаламнан.
Нәп-нәзік үнім,сәлемім кейде,
Жалт етсе,бөгде жанардан.
Дәл солай сен де қызғанып мені,
Ес-түссіз құлай сүйіп пе ең?
Жалғызым сені,
қызғанады екем,
күнәсіз осы кейіппен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толғаныс

  • 0
  • 0

Жөңкіліп бұлттай көшкен мың,
Жаныммен жалғыз кешкем мұң.
Жап-жарық жұлдыз ғаламнан,
Жарқ етіп жерге түскен күн.

Толық

Заманның мұңы — бар мұңым

  • 0
  • 0

Жалаңаш қоғам келбетін,
Жасыра алмас шымылдық.
Жетім мұң кезсе жер бетін,
Жезөкшелері мұрындық.

Толық

Күндер қалды

  • 0
  • 0

Күндер қалды,
сағынышпен өткен көп.
Күндер қалды,
көздің жасын төккен көп.

Толық

Қарап көріңіз