Өлең, жыр, ақындар

Шахтер аспаны

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1639
Шахташының аспаны да қап-қара,
жұлдыздары жарығырақ жанады.
Жыртылсын бір қоп-қою шаң – жабағы,
көтер, достым, жұлдызыңды жоғары!
Қабырғада қыбырлайды көлеңке,
көлеңкелер жүр адымдап төбеде.
Жарқ-жұрқ етіп жарықтың айбалтасы
қараңғының қабырғасын сөгеді...
Әр маңдайға шықты көлбеп бір-бір күн,
шам дейміз біз кішірейтіп оны да.
Бүкіл қала жатқандайын жылынып
шахташының шам ұстаған қолына.
Қара тасқа қадалғанда сұр қайла
уыс-уыс жұлдыз ұшып шығады...
Дәл осы сәт қараңғылық атаулы
Жылжып келіп аяғыңа құлайды…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ түс

  • 0
  • 0

Ақ деген не?
Қиянаттан, тепкіден
аман шыққан Ардың түсі деп білем.
Сәл кірлесе күймен жуып жанымды,

Толық

Түн. Тымырсық, тымық түн...

  • 0
  • 0

Түн. Тымырсық, тымық түн,
Сыбдырға – сырына құнықтым.
Шайқаған талдың жас бұтағын,
Самалын, самалын жұтамын.

Толық

Қандай міндет артар едің, жаңа күн...

  • 0
  • 0

Қандай міндет артар едің, жаңа күн,
Көктемеде бүр жарсам мен ашылып.
Бір ғажайып бәйтерек боп талабым,
Бұтағыңа ұя салар жас үміт.

Толық

Қарап көріңіз