Өлең, жыр, ақындар

Бұлттардан жебе суырды жаңбыр

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 735
Бұлттардан жебе суырды жаңбыр,
тарқатты күймен жер шерiн.
Уыз ұрттады уылжыған гүл,
көктемнiң емiп емшегiн.
Арнаға симай сылдырап аққан
тасыды бұлақ сол мезгiл.
Көкiрегiне гүлдi қадатқан
қызға ұқсап жатыр кербез қыр.
Сайқымазақ жел жұлқыды бақты,
бұтаққа ілініп бұрымы.
Алатау жақта бұлт ыдырапты,
сала алмай шыңға құрығын.
Жотадан әрi қашып барады
бiр уыс қарды ұрлап қыс.
Бiлегiн көкке асып қалады
шелектен босап сырлы әпкiш…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасыңа

  • 0
  • 0

Қасыңа
ғашықтығын
жасыра алмай, сiрә, асықты Күн.
Тұрғанмен сансыз жұлдыз арасында,

Толық

Меңiреу қырда тiл қатты маған

  • 0
  • 0

Меңiреу қырда тiл қатты маған
гүлдер де,
жел де кеше ептеп,
сыр ашты бiрде сырмақты далам,

Толық

Жан-жануарлар мен құстар әліппесі

  • 0
  • 0

Ч жоқ қазақ тілінде,
Тіпті аң-құстың бірінде!
Секеңдейді ШЕГІРТКЕ,
Қос қолында секіртпе.

Толық

Қарап көріңіз