Өлең, жыр, ақындар

Бәйшешек

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 4435
Еріді де соңғы қар,
Өзен тасып, су ақты.
Ойпаңдағы омбы қар
Қыс белгісі сияқты.

Көктем лебі тұр есіп,
Жапты жаңа гүл қырды:
Қар астынан дүр өсіп,
Бәйшешектер құлпырды.

Тұңғыш гүлін көктемнің
Аялап тұр көктен күн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төркінсіз қыз

  • 0
  • 0

Байлыққа арын сатты да
Байыпсыз қызы Еркіннің
Табысты күйеу тапты да,
Танымай кетті төркінін.

Толық

Әумесердің әлегі

  • 0
  • 0

«Нарық өсіп, кетті, балам берекет,
Жұрт қатарлы жаса сен бір əрекет», -
Деді əкесі, - ал баласы құтырып,
Қару жұмсап, болды нағыз «рэкет».

Толық

Сөз ауыру

  • 0
  • 0

Сөлтінің жары сұр бұзық,
Сөз қуып «есе» даулайды:
Ұшынған сөзді «тұрғызып»,
«Ұшқынан жалын қаулайды».

Толық

Қарап көріңіз