Өлең, жыр, ақындар

Ата мен бала

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1552
Баланың атасына айтқан сөзі:
Ғазиз атай, оқыт мені,
Оқымасам, білем нені?
Егер мені оқытпасаң,
Үйде босқа неғып жатам?
Жас ғұмырды қылма надан,
Өссем, қайғы болар маған.
Білсем, көпке пайдам тиер,
Және жақсы болар саған.
Оқығандар болар ғазиз,
Қаріп етпе балаңды сіз.
Басқа жұртқа қарап тұрсам,
Бәрі оқуда ұл менен қыз.
Ғылымға біз қойдық қадам,
Бойға ұят – қалмақ надан.
Ғылым, өнер білмек парыз,
Баласымыз біз-дағы адам.
Ғұмыр деген етер сағым,
Бос кете ме жастық шағым.
Кішкентайдан талап іздеп,
Арманыммен жансын бағым.
Ғазиз атам, оқыт мені,
Оқымасам, білем нені?
Мен ғылымның арқасында
Қуанышты қылам сені.
Балаға атасының айтқан сөзі:
Қарашығы көзімнің, нұры, балам,
Сабаққа көңілді қой, болмай алаң.
Қарағым, алаң болма, оқы сабақ,
Өсірдім оқысын деп, шытпай қабақ.
Өзіңнің адам болу қамыңды ойла,
Қызмет қып, таппай-ақ қой маған тамақ.
Сабаққа көңілді қой, оқы шырақ!
Жалқау боп, өз құрбыңнан қалма жырақ.
Осы күн тілімді алып оқымасаң,
Өскен соң, өкінерсің сонда бір-ақ.
Күн-түні, ыждаһат қыл, жатпа босқа!
Түк білмей, таба болма дұшпан, досқа.
Көп ойнап, жамандықты қылма машық,
Оқыған жақсылардан жүрме қашық.
Білген мен білмегеннің парқын айыр,
Әркіммен таныс болып, араласып.
Шырағым, кейін қалма құрбыңнан тең,
Өмірде жасамаспын сенімен мен.
Ем болмас саған менің насихатым,
Шықпаса талап, өнер өз кеудеңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана тілі

  • 0
  • 0

Туған анам сөйлеген ана тілім,
А дегенде: «Апа» дей алған тілім.
«Апаға» «ата» деген сөзді қосып,
Бірте-бірте сол тілмен алдым білім.

Толық

Жетім бала мен рақымды кемпір

  • 0
  • 0

Жетім баланың мұңы:
Ай қараңғы, күн батты,
Жылы орнына ел жатты.
Ата-анам жоқ мен сорлы

Толық

Жалқау бала

  • 0
  • 0

Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашар жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмес жақсы, жұрт мақтап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер