Өлең, жыр, ақындар

Телефонмен жұбатады

  • 10.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2542
Біздің Әсем келе сала сабақтан,
Татпай тұрып столдағы тамақтан,
Телефонмен шақырады анасын,
Хабарлайды бүгінгі алған бағасын:
– Мама, бүгін екі бірдей «Бес» алдым,
Есіңде ме алдың күні неше алдым?!
– Бәрі есімде! Айналайын есімде,
Құтты болсын «төрттігің» де, «бесің» де.
Терген білім, көрген тәлім – аспандап,
Азамат боп өсуіңе баспалдақ!
… Телефонмен хабарлайды бағасын,
Әсем солай қуантады анасын.
Сонда анасы бір жасайды шалқиды…
Қанатсыз-ақ көк жүзінде қалқиды…
Әсем егер алып қалса пәс баға,
Оңашада қара көзден жас тамар…
Сол күні бір айрылғандай тілінен,
Телефон да тырс етпейді күнімен.
Онда айтпай-ақ іштен сезіп анасы,
Телефонмен жұбатады баласын…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Амалсыздан өлімге пенде болдым

  • 0
  • 0

Амалсыздан өлімге пенде болдым:
Достарымды көмгеңде, мен де өлдім.
Жүзімдегі әжімді санамаңдар,
Жүрегімді неше рет жерге көмдім.

Толық

Балақай мен қалақай

  • 0
  • 0

Саяхаттап көрдік қыр,
Қырға бардық, тердік гүл.
Айқайлады балақай:
– Алақай-ау, алақай!

Толық

Серуендетем атамды

  • 0
  • 0

Менің атам майдангер,
Фашизмді құртыпты.
Бастап кетті майданды,
Төрт жыл талмай қырқысты.

Толық

Қарап көріңіз