Өлең, жыр, ақындар

Бүгін жаңбыр жауса екен...

  • Moon
  • 12.08.2020
  • 1
  • 0
  • 1856
 БҮГIН ЖАҢБЫР ЖАУСА ЕКЕН...

Бүгiн жаңбыр жауса екен деп тiледiм,
Жуып өтсiн жүзiмдi кешкiре күн.
Кеткенiңе сене алмай сенiң, ана,
Жыламаған көзiмдi кешшi менiң.

Құлап түссiн бiр сия қаламымнан,
Жас тамбаса қаӣтеӣiн жанарымнан?
Көңiл соғып алыпты қала мұңнан,
Жiгер жасап алыпты дала құмнан...

Күннiң көзi көңiлсiз, көше жүдеу,
Сағынғандаӣ сәттерін кешегi беу.
Аӣналшықтап мен жүрем айна алдында,
"Айнымайсың анаңнан" десе бiреу.

Есiмiңмен атасам дүние атын,
Ол жақта да шығарсың жымиятын.
Кеш батарда қуанған сәттеріңде
Таппаӣ қалушы едi ғоӣ Күн ұясын...

Бүгiн жаңбыр жауса екен деп сұрағам,
Көрмесiн деп жасымды ешбiр адам.
Бiр оянып кел үйге, шай қояӣын,
Бiр жолығып түсiмде кетшi маған...

Оӣға шомып отырмын тағы мiне,
Жетiм жырдың аӣтшы өзiң, жазығы не?
Көктасты ауыр қаӣтесiң? Мен одан да
Өлең жазып кетеӣiн қабiрiңе...
Рұқсат па?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақ ішінде

  • 1
  • 0

Күз де келді шықпайтын жүз күн ойдан,
Жүрегімде басталды ізгі майдан.
Айтыңызшы, көрдіңіз осы қашан,
Сұлулықты сүймейтін қызды қайдан?

Толық

Қоңыр пальто

  • 1
  • 0

Қоңыр кеші қаланың неткен әсем!
Қоңыр желдің жүзімді өпкені әсем!
Қоңыр пальто киіп ап қоңыр күзде
серуендейтін анамды жоқ демесең.

Толық

***

  • 1
  • 0

Сен неге мені ұмыта алмадың?
Ұмытуға әлде кеш пе еді?
Жаныңды білем, жылыта алмадым,
Айыптамашы тек мені.

Толық

Қарап көріңіз