Өлең, жыр, ақындар

***

  • Moon
  • 12.08.2020
  • 1
  • 0
  • 1381
Бір сөзім бар ішінде жүрегімнің,
Ешкім де айта алмаған,
Ешкімге байқалмаған.

Бір төзім бар бойымда көпті көрген,
Бір ағам мақтады оны,
Бір адам таптады оны.

Бір дарын бар ішімде ел білетін,
Дастанда Өмір дейтін
мақтанға семірмейтін.

Бір қарын бар менде де жүгі жеңіл,
Бауырға тіленбейтiн,
Ауырлап шіренбейтiн.

Бір жүрек бар өлеңге жол беретін,
Өткенге өкпелеген,
Көктемге "Кетпе!"- деген.

Бір күрек бар қорымды салған еске,
Өмірім алда емес пе?..
Сенімім - мол белесте!

Бір "Менім" бар тауды да қопаратын,
Сен досым, ұқтың нені?
Мен болмайтын шығармын осал ақын,
Армандар күтсiн менi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

***

  • 1
  • 0

Сен неге мені ұмыта алмадың?
Ұмытуға әлде кеш пе еді?
Жаныңды білем, жылыта алмадым,
Айыптамашы тек мені.

Толық

Жаңбыр

  • 1
  • 0

Жаңбыр жауып, салғанда шатыр əнін,
Үнсіз билей бастады жапырағым.
Қайыңдардың тиіспей сырғасына,
Айды биге шақырдым қыр басына.

Толық

***

  • 1
  • 0

Не түрлі ой көңілімді бөледі,
Қазір бəлкім, ұйықтағаным жөн еді.
Түсініксіз түс көру де бір қызық,
Түсініксіз пендемін ғой себебі.

Толық

Қарап көріңіз