Өлең, жыр, ақындар

Төбеде жүзген бұлттарға

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 660
Төбеде жүзген бұлттарға
Төменнен қарап сұқтанба!
Жел тұрса зеңген жан-жаққа
Салмағы бұлттың салмақ па?..
Жетелеп жүрген жол бәлкім,
Тағдырың шығар жел бәлкім.
Суымнан ұшқан бу едің,
Шығарсаңдаршы жер даңқын.
Бармаған жерің жоқ шығар,
Баспаған тауың жоқ шығар.
Бір күні жерге құлайсың,
Талмай-ақ жүзген топшылар.
Жауасың жерге бір күні,
Қақ болып сосын іркіліп,
Сіңесің құмға су болып,
Шығасың гүл боп құлпырып.
Бұлттар-ай деймін ер көңіл,
Жылайсың бір күн боркемік.
Бұйрық заң сүйреп бәріміз
Құлаймыз қара жерге бұл.
Табиғат тең қып жаратқан
Төбеде жүзген сен де бір,
Төменде жүрген мен де бір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат жасыны

  • 0
  • 0

Әлде жаз ба еді, әлде күз бе еді,
Әлде сая ма, айдай түз бе еді?
Жалғыз білерім – әйел жынысы,
Әлде келіншек, әлде қыз ба еді?

Толық

Тепе-теңдік

  • 0
  • 0

Денеме тарап деміммен жұтқан ауасы,
Туған жер, сенен жаралдым білем, шамасы.
Мен ғана емес, туған жер, сенің перзентің
Адамзат барда адамның бүкіл баласы.

Толық

Баяғы баққа

  • 0
  • 0

Баяғы баққа барайық бүгін,
Баяғыны еске алайық, күнім.
Жеңілдер ме екен, жеңілдер ме екен
Көп айып, мінім, көп айып, мінім...

Толық

Қарап көріңіз