Өлең, жыр, ақындар

Заманмен диалог

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1329
Адам кейде албырт та алаңғасар,
Айдай жолда қияс бір қадам басар.
Адам – кеуде жоқ шығар жарақатсыз,
Қияс қадам кейде бір жараңды ашар.
«Әмән нашар болғам ба, әмәнда осал»
Деген бір ой сезімге қамал жасар.
Өзіңді өзің алдымен жегідей жеп,
Ақтарылғың келеді Заманға сәл.
– Жолдас Заман, Мен саған Замандаспын,
Сан мүдіріп, сүрініп қадам бастым.
Зымырансың, жылдамсың, кешір мені,
Мен сенімен зымырап аға алмаспын.
Ырза емеспін өйткені кей күніме,
Мырза емеспін өйткені ой гүліне.
Кеше мені бір шаттық шарықтатып,
Бүгін бір мұң көгендеп қойды, міне.
Күйбең тірлік шеңберге сыймай кейде,
Кеткеніммен, шаңырақ, үй-жай менде.
Алдымдағы күндерге асықсам да,
Қарайлаймын артыма қимай кейде.
Өкінемін. Өлердей сан соғамын,
Өкінішке қасарсып қарсы ағамын.
Жолдас Заман, бойымнан зая кетті
Саған берер қанша күш, қанша жалын.
Қуанамын жүрегім жарылардай,
Қуаныштың кеудемде таңы бардай.
Жолдас Заман, келеді таңым менің,
Таланттыдай талантсыз таныла алмай.
Өкініш пен қуаныш...
Бұларға мен
«Өзімсіңдер» деп ылғи ұрандап ем.
Мен солармен жүргенде қоян-қолтық,
Жолдас Заман, өзгермей тұрар ма әлем?..
Жолдас Заман!
Сондықтан мына мен де
Болармын бір күйкі жан, сірә, пенде.
Кеудемдегі жарам сол, сенен бөлек
Болған күндер, құнын сен сұра, терге!
– Жоқ, Замандас, шын жылап, шын қуансаң,
Сезіміңді өзіңе ту қыла алсаң,
Өмір бойы игеріп үлгіре алмас
Жүрегіңді таусылмас тың қыла алсаң,
Жаңа Адамсың, сен мәңгі жас Адамсың
Армандайтын Азамзат – күллі жайсаң.
Соны аңғардым мен сенің лебізіңнен,
Мықты адамдар уақыттан, тегі бізден.
Сан заманды есейтіп келесіңдер
Қуаныш, қайғы сөлін емізумен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамзаттың әулетіміз – бәріміз

  • 0
  • 0

Адамзаттың әулетіміз – бәріміз,
Жер – кемеде бірге біздің жанымыз.
Адам ата, Хауа анадан таралған
Әуел баста нәсіліміз, қанымыз.

Толық

«Таза бұлақ» басында

  • 0
  • 0

Құлашын Қызбел таудан соза құлап,
Ағады мөлдір бұлақ – «Таза бұлақ».
Бір кезде ағартушы Алтынсарин
Суреттеп жазған бұлақ, ғажап ұнап.

Толық

Бар еді бізде махаббат

  • 0
  • 0

Махаббат бізде бар емес пе еді дәл кеше,
Махаббат бізде бал емес пе еді дәл кеше?
Құлдырап қашқан құлын еді ғой махаббат,
Алпыс екі тамыр, жұлын еді ғой махаббат.

Толық

Қарап көріңіз