Өлең, жыр, ақындар

Шөпке бару

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 793
Құбатөбел әкемнің күрең аты
Сүрінбейтін жануар сірә қапы.
Шана жегіп шаңытқан сары аязда
Шөпке бару – дүниенің рахаты.
Сары аязда ай сүттей болса жарық,
Сары адырда түн аппақ шамша жанып,
Қопа қалса бір жақта қамсауланып,
Қорым қалса бір жақта қоршауланып.
Қопа менен қорымнан өткенімше,
Маған уақыт соншалық көп көрінсе.
Мен күпіге қымтанып, кіріп кетсем,
Күбір-күбір ал әкем жеткенінше...
Әкем атты доғарып «келдік» десе,
Шыбыртқысын қолға ұстап мен бүктесем.
Мая қайсы?
Мұхиттай аппақ дүние,
Күртік қарға күрпілдеп мелдіктесең.
Әкем қарын маяның ойып жатып,
Ат-шананың шанағын жайып жатып,
Шотаяқты ұстатса, әкемді аяп,
Қабырғама құйттай бір уайым батып.
Шотаяқты салғанда шөпке сосын
Бір солқ етіп жөтелсең өкпе тұсың,
Танауыңнан шөп иісі миға тарап,
Көктемдегі сезесің көкпек иісін.
Еске түсіп шөпші ауыл жазды күнгі,
Киіз үйді ойлайсың боз құрымды.
Шөмелеші шал менен сол үйдегі
Ерте ағытқан ойлайсың боз құлынды.
Сол кезде әкең:
– Тарт, – дейді, – қыл арқанды,
Тауып алып шанадан бұрау талды.
Бар күшіңді сен дағы саласың-ай,
Бойды билеп тәтті ұйқы тұрар таңғы.
Сосын ырғып мінесің шөп үстіне,
Міне, осында рахат, тегіс дүние!
Келе жатқан секілді кеме үстінде
Ұмытасың ылдиды, еңісті де.
Манағы ептеп әкеңді аяушылық
Таңғы аяздай санаңнан баяу сынып,
Жайбарақат ғажап бір күй кешесің,
Шөп аумасын білесің, шанаң сынып.
Мас боласың шөп иісі бойға тарап,
Жұлдыз санап жатасың, айға қарап.
Қорым-қопа үрейін жоның сезіп,
Қалғисың кеп ертегі, ой қамалап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайрақ

  • 0
  • 0

Хас қайрақтың да тас нәті,
Қанжарың болса – жанып ал.
Қайысың болса – таспа тіл,
Қайыңың болса – қабық ал.

Толық

Нөсерлеп өтті жаңбыр

  • 0
  • 0

Нөсерлеп өтті жаңбыр,
Аспанды күркіретті.
Көкжиек ала шабыр,
Астарын жыртып өтті.

Толық

Жазады уақыт барлық жараны

  • 0
  • 0

Жазады уақыт барлық жараны,
Оң қараса егер тағдыр қабағы.
Табылар керең сордың да амалы,
Табылар терең ордың да амалы.

Толық

Қарап көріңіз