Өлең, жыр, ақындар

Екі абысын

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2254
Екі абысын алпыстан кеткен асып
Бұйдаласып, бірге өскен ноқталасып.
Бір әулеттің тілегін бірге тілеп,
Бақа тірес болмаған, бақталасып.
Кіндіктеліп бір әулет көгеніне,
Бірге көрді жаңаны, көнені де,
Бір әулеттің тағдыры арқылы олар
Қарайды енді кең дүние көлеміне.
Кең дүниенің тарылып, кеңейгенін,
Татар дәмнің жалғасып көбейгенін,
Көрді бірге бақтарды бастан тайған,
Ішкен ірің болған-ды, жеген желім.
«Елу жылда ел жаңа» деген рас,
Ат тұяғын тай басар, ел арымас,
Жігіттері серкедей сере құлаш.
Сол қайнаға, сол қайын, со бір боздақ
Қабырғаны, түссе еске, сөге жаздап,
Сөге жаздап сөге алмай кетті, бірақ
Өтер уақыт, жараның орнын жазбақ.
Екі абысын –
Өткенннің бәрі ішінде,
Бергісін де біледі, әрісін де.
Ішке бүккен бір сырды бұл екеуі
Іштен шыққан айтпайды бала үшін де.
Бірі – ағаның әйелі, бірі – інінің,
Білдірмейді өткенннің жымын, жігін.
Кеше отттай шарпысқан абысындар –
Бәйбішесі байыпты бүгінгінің.
Бірі қазір қалада, бірі ауылда,
Екеуі де екі үйдің ылауында.
Қор болады кей-кейде күйіп-пісіп
Келін менен баланың шылауында.
Бірі ауылдан ет пенен май жіберіп,
Бірі алма не үнді шай жіберіп,
Екі абысын алмасып сәлем-сауқат,
Отырады өткенге ой жіберіп.
Көгенделіп, бір әулет көгеніне,
Өтті-ай дүние, дегенше «әне, міне»
Бір әулеттің әзірге сыйластығы
Екеуінің сыбаға-сәлемі ме?..
Екі абысын алпыстан кеткен асып
Бұйдаласып бірге өскен, ноқталасып...
Әлгіні ойлап қалады тызалақтап,
Табандарын алғандай шоққа басып.
Тамыр жайған емендей екі абысын,
Күйіп-пісіп бір әулет атағы үшін,
Өмір сүріп жүргенін білмейді олар
Отбасынан басталған Отан үшін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білесіңдер ғой, білесіңдер ғой бәрің де

  • 0
  • 0

Білесіңдер ғой, білесіңдер ғой бәрің де,
Жүрегі құрғыр көнгісі бар ма әмірге?!
Басыңда бар ғой, басыңда бар ғой бәріңнің
Жүрегі құрғыр төзгісі бар ма зәбірге?!

Толық

Бауыржан Момышұлымен қоштасу

  • 0
  • 0

Айтшы, қайысты ма қабырғаң?
Қалай екен хас батырдан айырылған?!
Қайысты ма қабырғаң,
Қалай екен айырылған –

Толық

Абай ескерткішіне

  • 0
  • 0

Ой мұңын емген, қайғыны жеңген қайырымсыз,
Кейпіңіз адам, адамға бірақ айбынсыз.
Ақындық деген адамдар үшін жаралған,
Жаралғаннан соң ақиқат үшін айнусыз.

Толық

Қарап көріңіз