Өлең, жыр, ақындар

Аяз шытынап, ақ қырау дірілдеген

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1152
Аяз шытынап, ақ қырау дірілдеген,
Ай сәулесі шаңытып білінбеген.
Арқаның айлы жарық түнінде мен
Ат шанаға мініп ап жол шығушы ем,
Жүректегі алысып дүбірменен.
Сықыр-сықыр сары аяз сықырлайтын,
Ай сәулесі сіңбейтін, жұтылмайтын.
Сылаң қағып, сынап ап сылқылдайтын,
Қарымынан тұяқтың құтылмайтын.
Көсем жорға делбені қақтырмай-ақ,
Делебені сезгенде қылпылдайтын.
Сан мың жұлдыз сәулесі таматұғын,
Дала – мұхит тұтасып жанатұғын.
Пердесіндей періште қанатының
Қабағыма ақ қырау қонатұғын...
Аңыздарда айтатын «қадыр түні»,
«Қадыр түні» осы түн болатұғын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа

  • 0
  • 0

Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа,
Аңға салдық, қалды ма қасқыр ілмей?
Арлан төбет көкжалға тік қияда
Аңдап тұрып қадалған тас бүйідей.

Толық

Шырмала берме, шырмала!

  • 0
  • 0

Талабы таудай, тағдыры түйткіл бір бала,
Тағдырға, тәйірі, шырмала берме, шырмала!
Болған соң тірлік кездеспей тұрмас мұң-нала,
Болаттай болса, мұң-нала сынақ, сын ғана.

Толық

Алмасу

  • 0
  • 0

Қайғырма, қалқам, беліңді енді бу бекем,
Қазаға қабір қара жер деген қу мекен.
Суытпай қоймас...Қырық күн қара жамылдың,
Сыңсыды дауыс: «Сорлы боп неге туды екем».

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар