Өлең, жыр, ақындар

Шырмала берме, шырмала!

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1286
Талабы таудай, тағдыры түйткіл бір бала,
Тағдырға, тәйірі, шырмала берме, шырмала!
Болған соң тірлік кездеспей тұрмас мұң-нала,
Болаттай болса, мұң-нала сынақ, сын ғана.
Болаттай болсаң, сындарға төтеп берерсің,
Тіршілік – парыз.
Парызыңды өтеп көрерсің.
Талап пен Тағдыр арасы десек екі оттың,
Азамат болсаң, өшірмей, өшпей жеңерсің!
Талап пен Тағдыр бақ пенен сордай тайталас,
Есімі бөлек, есігі бірге, байқап аш.
Тайталас етпей, тату да ету еркіңде,
Егіздеріңе ет жүрегіңді айқара аш.
Егіздеріңе Заманның жүгін арқалат,
Нар жүгін ғана көтере алады нар талап.
Тағдырың сонда таланың сенің секілді,
Табысса солар, Махаббат та сол, Мархаббат!
Талабың – нарқың, өзіндік сана иірім.
Тағдырың – халқың, халқыңды сенің сүюің.
Өзіңді өзің өзгертерсің де жасарсың,
Халқыңды жасау білесің, бауырым, қиынын.
Тағдырды қолдан жасаймын деудің қиыны –
Мінеки, бауырым, талай жер, талап иіні.
Иінің талса, иіліп халқың демер-ау,
Бойыңнан биік секіре алмайсың, түйіні.
Талабы таудай, тағдыры түйткіл бір бала,
Тағдырға енді шырмала, берме, шырмала...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шөпке бару

  • 0
  • 0

Құбатөбел әкемнің күрең аты
Сүрінбейтін жануар сірә қапы.
Шана жегіп шаңытқан сары аязда
Шөпке бару – дүниенің рахаты.

Толық

Көбеген қозым, көк шығып

  • 0
  • 0

Көбеген қозым, көк шығып
Отығып кеткен боларсың.
Тоқырап жетіп тоқшылық,
Опынып біткен боларсың.

Толық

Алмасу

  • 0
  • 0

Қайғырма, қалқам, беліңді енді бу бекем,
Қазаға қабір қара жер деген қу мекен.
Суытпай қоймас...Қырық күн қара жамылдың,
Сыңсыды дауыс: «Сорлы боп неге туды екем».

Толық

Қарап көріңіз