Өлең, жыр, ақындар

Әупірім дос

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 787
Менің бір досым әйтеуір әупіріммен,
Ақырын, еппен, тартыссыз, тартынуменен,
Әдіспен ғана, тасбақа аяңмен ғана
Қатардан қалмай келеді малтығуменен.
Алқыну деген ол үшін қорлықтан да әрі,
Өшкен жоқ оның өкпесі сондықтан дағы.
Жарыла жаздап жүрегі қуанды ма екен,
Қорқақтығы ғой қолдағы барлық құралы.
Білімі бірдей бізбенен, жоғары білім,
(Жоғарыларға көрсетпес жоғарылығын).
Жақсыға құмар, сондықтан без-без етеді
Ауызға алмай халқының «жаман ырымын».
«Қатардан қалмау» дейтіні – пайдалы кеңес,
«Қатардан озу» дегенді ойлаған емес.
Қатардан қалса ішегіне ас айналмайды,
Қатардан озып шалқып бір тойлаған емес.
Әупірімменен әр ізі аяңындағы,
Сондықтан он жыл тозбайды аяғындағы...
«Жұрттың еркегі сияқты» деп ұрысса да,
Әупірімменен ұстап жүр әйелін дағы.
Әупірімменен қызмет, жұмыс бабында
Тастан да қатты тырашың тырысқанында,
«Жәрекүмалла» демейді түшкірсең саған,
«Ау, пірім!» дейді бастығы ұрысқанында.
Әупірімменен ол талай тау қопарады,
Тасада тұрып тастарды ауната алады.
Бәсеке, даусыз бәсеңдік қаруыменен
Азаматтығы – «башма-баш» сауда талабы.
Бетбұрыстардан шетбұрыс қала береді,
Беті мен сыртын талайдың ала береді.
Жарықтық заман осылай жақсы боп тұрса,
Әупірім досым жанымда бола береді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жағалауда құба тал

  • 0
  • 0

Жағалауда құба тал,
Тал арасы жалбыз ғой.
Суат жаққа құдаша
Келе жатыр, жалғыз ғой...

Толық

Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай

  • 0
  • 0

Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай,
Уақыт сені де жіпсіз байлағанын-ай.
Өмірге опынушы едің, опасыз жалған
Осқылап «бет-жүзің» демей ойнағанын-ай...

Толық

Жүрекке жүгіну

  • 0
  • 0

...Екеуміздің арамыз он жас еді,
Жан ағамдай көруші ем сонда сені.
Елуінші жылдардың ен ортасы,
Балалықтың қаз-қалпы қалды әсері.

Толық

Қарап көріңіз