Өлең, жыр, ақындар

Буфеттерде, барларда

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 477
Буфеттерде, барларда
Өткен сәттер ұшаны –
Қырық таяу қалғанда
Қабырғамды қысады.
Тістелеймін бармақты
Түндер бойы ұйықтамай.
Құр жаюлы, салмақты,
Құрт-майы жоқ шыптадай
Өзімді өзім бос санап,
Бас даңғырап шаршадым.
Жоқ баяғы жас сана,
Жоқ баяғы аусарым.
Озған кім де, қалған кім,
Алақанда бәрі де.
Бағы мықтап жанған кім,
Кім тәлкек боп тәңіріне?
Кім жүйрік боп алда екен,
Ілбіп жүріп бар озған.
Айтсын, озған бар ма екен
Уақыт деген сабаздан?
Озбаса, оған жоқ дауа,
Дүние дәурен таусылмас,
Әй, кешегі сары бала,
Мә, шарап іш, мауқың бас!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пендеге біткен дүние

  • 0
  • 0

Пендеге біткен дүние,
Байлық па, бақ па – бәрібір,
Көзіңнен бір күн ұшады –
Тағдырдың берік заңы бұл.

Толық

Керекумен кездесу

  • 0
  • 0

Баянауыл басында бұлт бар ма,
Керекудің көгінде мұнар бар ма?!
Қалқаман мен Мамыр көл қосыла алмай,
Орны жатыр.

Толық

Екі абысын

  • 0
  • 0

Екі абысын алпыстан кеткен асып
Бұйдаласып, бірге өскен ноқталасып.
Бір әулеттің тілегін бірге тілеп,
Бақа тірес болмаған, бақталасып.

Толық

Қарап көріңіз