Өлең, жыр, ақындар

Арман төрін Алаштың анықтадың

  • 15.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2800
Әлихан, Ахмет, Мыржақып – үш арысым,
Үш көсемім, қазақтың ұранысың.
Екіталай айқаста жан аямай,
Көрсеттіңдер заманның тың ағысын.

Арман төрін Алаштың анықтадың,
Ойладыңдар тек қана халық қамын.
Қазақ болып туғаным қандай жақсы,
Аттарыңа жыр арнап шарықтадым.

Отаншылдық рухым артты бүгін,
Бодандықтың лақтырдық ауыр жүгін.
Арман еткен даналар Тәуелсіздік,
Көрдік бүгін дербестік азат күнін.

Ширек ғасыр болыпты ту тіккелі,
Қалды артта қиындықтың бар өткелі.
Беу, ағайын, ақталды халқымыздың,
Бірігіп жан аямай тер төккені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Намысты, өнерлі едің, тұнып тұрған!

  • 0
  • 0

Сол бір күзгі, есімде танысқаным,
Сағынышқа айналып, алыстадың.
Көз алдымда кешегі кесек тұлғаң
Еске салар елімнің Арыстарын.

Толық

Алпысқа

  • 0
  • 0

Өтесің, алдамшы өмір, оны білем...
Тосқанмын келетінін күздің күрең.
Көңіл шіркін, орнында баяғыдай,
Ақ кірсе де самайға, мығым жүрем.

Толық

Азатпын

  • 0
  • 0

Ата-баба аруағын сыйлар құлымын,
Айбыным зор, Мағжанға тартқан ұлымын.
Ата-анаммен бөлісіп өстім таң нұрын,
Арнадым саған, туған ел, бүгін жан сырын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар