Өлең, жыр, ақындар

Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 580
Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген,
Балалығым қап қойған күлкімменен.
Содан кейін қаңғыдым, елден жырақ,
Қасқырыңмен серік боп, түлкіңменен.
Айнала аққан ауылым сыртыңменен,
Бар екен-ау сол бастау бүлкілдеген.
Ессіз күнді есіме тағы салды-ау,
Табыстырып мені ескі жұртымменен.
Білгің келсе қысылма сұра менен,
Тулай ақты қанымда жылап өлең.
Анау үйде жалғаннан анам өтіп,
Тартып алған күлкімді мына белең.
Ана алаң ғой, сыр айтар асығымнан,
Мына жол ғой айырған ғашығымнан.
Баяғыда қап қойған осы ауылда,
Балалық шақ уақыттан жасырынған.
Өткен күндер жүректе, санамда тұр,
Қаралы бір күн келер маған да ақыр.
Мына сайда қап қойған балалығым,
Анау қырда аяулы анам жатыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қар жауып тұр немесе ақын Дәуітәлі Стамбековті еске алу

  • 0
  • 0

Өтсін қанша көктем келіп, күз мейлі,
Ұлы дала бір үмітін үзбейді.
Ерте өткен менің асыл ағамды,
Тоқырауын толқындары іздейді.

Толық

Қол бұлғап қалды артымда

  • 0
  • 0

Қол бұлғап қалды артымда
бозбала кездiң аспаны,
Алыстап кеттi-ау ақырын
махаббат дәурен дастаны.

Толық

Қалай өмір сүргенмін

  • 0
  • 0

Көре алмадым ауылымның таңдары,
Жарқырайды түнгі қала шамдары.
Қарап тұрып келбетіне қаланың,
Қиялыммен туған жерге барамын.

Толық

Қарап көріңіз