Өлең, жыр, ақындар

Жолдар

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 629
Жолдар қашады, қаладан шыға сап,
Тартады жан-жаққа таралып.
Оң жақта от сөнген бiр ошақ,
Сол жақта бiр жердiң бары анық.
Қай жолға түсемiз қаралық.
Қай жаққа бастайсың тағдырым,
Аңсадым көктемнiң жаңбырын.
Сағындым қайдасың жан гүлiм,
Дала мен қаланы шиырлап,
Қырық жыл қаңғыдым.
Қаңғыдым қасқырдай ұлып ап,
Өзгенiң бақытын жұлып ап.
Бұл жолға түскендер,
Iз -түзсiз құрымақ.
Мынаусы сыры көп соқпақтар,
Жылап тұр бiреудi...жоқтап тал.
Бұл жолға түскендер,
Маңдайын тоқпақтар.
Жүйкеңдi жүндей ғып түтетiн,
Артыңда балаң бар күтетiн.
Түспешi бұл жолға бауырым,
Бейiтпен бiтетiн.
Ана жақ арайлы көктемдер,
Мына жақ атамыз кеткен бел.
Апырай, iз салмай кетiптi-ау,
Алдымда өткендер.
Керуендер тоналған,
Мына жол ескiрген, жоғалған.
Шөп басып, су шайып құрыпты-ау,
Алшақтап қоғамнан.
Жол қайда сағымға сiңетiн,
Шалдар жоқ барлығын бiлетiн.
Ескертiп, тоқтатып,
Жаныңда жүретiн.
Бұл соқпақ бастайды түнекке,
Мына жол еңбекке, күрекке.
Сан ғасыр халқымның жолдары,
Санамда, қанымда, жүректе.
Мына жол келедi,
Мына жол кетедi.
Түсейiн өз жолым қайда екен,
Шиырлап шатастым жетедi.
Алдымда сан тармақ жол жатыр,
Айналма, түзуi.... қолда тұр.
Абайла, абайла, абайла,
Ажал ма алдыңда...жолда тұр.
Адассаң жiгiтке ол да мiн,
О, Алла пендеңдi қолдағын.
Беттедiң қай жаққа, ал өзiм,
Мәңгiге апарар жолдамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің ауыл

  • 0
  • 0

Ана өзекке жоғалады сай барып,
Қасқырлары көкке қарап ұлыған.
Байлығы үшiн кiсенделiп, айдалып,
Мырзалары итжеккенге құрыған.

Толық

Теміртау түні

  • 0
  • 0

Жарқылдаған сырғаң-ай,
Толықсып бiр туған Ай.
Темiртауда кездестiк,
Жаным саған,

Толық

Әлішер

  • 0
  • 0

Біздің сапар... сапарларға жалғасқан,
Ырық бермей нарығыңа жармасқан.
Мың бір түннің миуа бағын бір көрдік,
Мың қазақтан артық туған нарқасқам.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер