Өлең, жыр, ақындар

Кешірдім

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2755
Ту сыртымнан атқандарды кешірдім,
Сырт айналмай сатқандарды кешірдім.
Түнегіңді жарығыммен өшірдім,
Кешірімнен күн сәулесін өсірдім.
Талантымды кешпегенді кешірдім,
Күнге қарап өспеенді кешірдім.
Кешірімнен сағы сынар кесірдің,
Кесірден де көшсін дедім кесір мұң.
Аққа күйе жаққандарды кешірдім,
Күннен де дақ тапқандарды кешірдім.
Қап-қараның салшы десе суретін
Қап-қарадан аппақ сәуле көшірдім.
Өз отына өзі күйген ғаріп көп,
Бәрімізді сыйдырып тұр алып Көк.
Қараңғымен алыспаймын қарайып,
Мына ғалам қалу үшін жарық боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не істедің?

  • 0
  • 0

Жүрегіңнен қандай жарық бөлінді,
Басыбайлы құл болардай сезімге?
Қай сөзіңмен өртеп кеттің өмірді?
Әйтпесе, айтшы, өртенетін кезім бе?

Толық

Көз ілмедім қатарынан жеті күн

  • 0
  • 0

Көз ілмедім қатарынан жеті күн,
Ұйықтата гөр бүгін мені, Түн-Ана!
Жердің барлық түгендедім жетімін,
Сізді сонда сағыну да күнә ма?

Толық

Сүю үшін жаратты Тәңір неге?

  • 0
  • 0

Сүю үшін жаратты Тәңір неге?
Бұл жүрекке жүрмейді әмір неге?
Әр мезеттің кірпігін санап тұрмын
Үнсіздікпен сен мені жәбірлеме...

Толық

Қарап көріңіз