Өлең, жыр, ақындар

Тіршіліктің түрлері

  • 25.10.2015
  • 0
  • 0
  • 7633
Жоғарыдан төменге
Жүйесін тауып су ағар.
Жазғытұрым болғанда,
Жердің бетін бу алар.
Күн жадырап, көк шығып,
Жан-жануар қуанар.
Жапырақтары жайқалып,
Ырғалып желмен шайқалып,
Түрленіп гүлдер қызарар.
Бұлбұлдар сайрап бағында,
Байғыздар тасқа ұялар.
Батырлар жауға шапқанда,
Қолына байрақ, ту алар.
Найзасын қарға асынып,
Алмасын қанға суарар.
Палуан топта тұрғанда,
Балтырын түріп, болысып,
Ақ білегін сыбанар.
Алысқан жерден аударып,
Әлі келген жыға алар.
Қияға тартсаң, қайыспас,
Дулығалы құба нар.
Наз бедеу аттың тұяғы
Тасқа тиіп тұралар.
Екі талай жер болса,
Ердің басы сыналар.
Жесірдің қамын ойласаң,
Жетімнің көңілі жұбанар.
Екі мұңды бас қосса,
Тарқатып шерін шығарар.
Жабырқап досың қайғыңа,
Дұшпаның сырттан сығалар.
Өнбейтін даудың ізінен
Өспейтін жігіт қуалар.
Айбаты кетсе ауылдың,
Әдепсіз жұртта ажуаның
Жиналып басы құралар.
Амалын жұрттан асырған,
Ұрлығын ептеп жасырған,
«Екі өсті – бір қой» деп,
Есебін тапқан сұм алар.
Жан кеудеден кеткен соң,
Жайнаған көзің жұмулы,
Ақша бетің қуарар,
Тірліктегі істерің,
Қараңғы көрге кірген соң,
Бастан-аяқ сұралар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлеуметтер, құлақ сал

  • 0
  • 0

Әлеуметтер, құлақ сал,
Мына бір,пәни дүниеден -
Араңға түскен аюдай,
Күйе қатты жараған,

Толық

Азамат

  • 0
  • 0

Жасаған өзі жарылқап,
Жер жарылып көктейді.
Берейін десе жігітке,
Талабын құдай етпейді.

Толық

Жамиығы қазақ бір туған

  • 0
  • 0

Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.

Толық

Қарап көріңіз