Өлең, жыр, ақындар

Кезім жоқ өзіңді жек көрген

  • 16.10.2020
  • 0
  • 0
  • 962
Кезім жоқ өзіңді жек көрген,
Қызғанып едім ғой көктемнен.
Ол сені сүйеді жыл бойы,
Ол сені менен де көп көрген.
Сырдың бұл сиқырын кім білген,
Қызғанып жүр едім гүлдерден.
Аз ғұмыр жайқалып тұрса да,
Құшақта қуанып үлгірген.
Қызғандым, Сен тұрған қаладан,
Көркіңе сүйсініп қараған.
Көзіңе мен ғана сыюшы ем,
Дәл қазір сыйып тұр бар адам.
Жып-жылы шуағың тараған,
Қызғанғым келмеді ауадан.
Періштем, білем ғой мен оны,
Ауасыз қай маңнан таба алам?
...Қызғанбау үшін де күрестім,
Көктемге, гүлге де тірексің.
Қалада, ауада жүр аман,
Мен саған болайын тілекшің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз