Өлең, жыр, ақындар

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 641
Ана тілің – арың бұл!..
(Қ Мырзалиев)

Ана тілін ар тұтқан қазақ елі,
Әдебиеті сондықтан ғажап еді.
Бабалардың болмаса тіл мен руһы,
Вандалистке айналуы аз-ақ еді.
Гүрілдеген руһ пенен болмаса тіл
Ғұмыр кешу мүмкін деу далбаса тым.
Дегенімен ондай ел көп әлемде,
Егесініп әлемді паң басатын.
Жаралған сөз әуелде, келеді аман,
Заман жазған куә көк көне ғалам.
Иреленген ғасырдан көк бөрі еміп,
Көне көзін көрген – тіл, демек Анаң!
Қасиетін сезер ме ед қазақ әбден,
Ластама Ана тіліңді, азар әлден!
Мағынасыз сөйлесем тілді ардақтап,
Нақ мынадай өлеңді жаза алар ма ем?
О, данышпан, көп көрген тілім арда,
Өзенідей Алаштың тұнық арна.
Пайғамбарын Абайдай парасаттың,
Расында сен қосқан-ең ұлыларға.
Сан ғасырлар нешеме шектің азап,
Тыйым салып өзіңе, етті мазақ.
Уласа да ұлтыңның санасын сан,
Ұмытпады өзіңді текті қазақ.
Үстем таптың босанып бодауынан,
Феодалдың құтылып, о, дауынан,
Хұрсант қылып оралдың тәуелсіз боп,
Центнер-центнер арылды-ау сана уынан.
Шыдамдысын нәп-нәзік өзегіңнің,
Ықылымнан сабырлы-ең, төзе білдің.
Іңгәлатқан зар заман қалды артыңда,
Япырым-ау, шарықта, өз елің бұл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сары жапырақ

  • 0
  • 0

Сары жапырақ – сарғайған жүрек,
Келгендей ұшып шалғайдан жүдеп.
Тентек жел оның тағдыры шығар,
Араша сұрап талды айналды кеп.

Толық

Қыз деген

  • 0
  • 0

Қыз деген гүл - өсетін жүрегінде ердің,
Қызғалдақтай кіргізер реңін жердің!
Қыз деген жыр - сүйдіріп шайыр ететін,
Шабыт сыйлап қайғыңды шайып өтетін!

Толық

Нөсерлі қаңтар

  • 0
  • 0

Қыс емес пе? Ендеше, жаумай ма қар,
Анау тауға өң беріп, баурайға бар.
Бәрінен де бақтағы талдарды айтшы,
Жамылмаса ақ көрпе жаурайды олар!

Толық

Қарап көріңіз